Бакуде ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль басталды
https://itolqyn.com/news/world-i40292-Бакуде_ирандық_тауарларды_сатуға_арналған_алғашқы_фестиваль_басталды
Ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль сенбі күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде басталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 09, 2018 15:29 Asia/Almaty
  • Бакуде ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль басталды

Ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль сенбі күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде басталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының кооператив палатасының басшысы Махмуд Реза Шарифихаһ: «Бұл – Батыс Әзірбайжан облысының бастамасымен Иранның экспорттық тауарларын Бакуде ұсынып, сатуға арналған алғашқы фестиваль. Бұл іс-шарада құны жарты миллион долларды құрайтын 600-ден астам тонна ирандық тауар ұсынылды.

Батыс Әзірбайжан облысының кооператив палатасының мақсаты – ирандық тауарларды Әзірбайжан республикасы арқылы аймақ елдеріне экспорттау»,-деді.

Бакудегі ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль 10 күнге созылады.

Бұл фестивальда тамақ өнімдері, қолөнер бұйымдары, кілем мен кілем-картиналар, ауыл шаруашылығы өнімдері, декоративті және құрылыс тастары, жуғыш заттар, тәтті-дәмділер мен бал ұсынылады.