Францияда сенбі күнгі шеруде 135 адам жараланды
Францияның Ішкі істер министрі сенбі күнгі шеруде жараланғандардың санын 135 адам деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кристоф Кастанер сенбі күні осы статистикалық мәліметті жариялап, жараланғандардың арасында 17 адамды қауіпсіздік саласының қызметкерлері деп атап, сенбі күнгі наразылықтарға Францияның түкпір‑түкпірінен 125 мың адамның қатысқанын айтты.
Францияның Ішкі істер министрі қамауға алынғандардың санын 974 адам деп хабарлады.
Франциядағы 200-ден астам мектеп пен университеттің оқушылары мен студенттері капитализмге қарсы қозғалысқа қосылып, бұл күндері сабаққа бармады.
2018 жылдың 17 қарашасында Францияда басталған тынышсыздықтар бұл елмен ғана шектелмей, Еуропаның басқа да елдеріне, соның ішінде Нидерланды мен Бельгияға да таралып жатыр.