Лавров Каспий теңізі конвенциясының іске асырылуын қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i40326-Лавров_Каспий_теңізі_конвенциясының_іске_асырылуын_қолдады
Ресей Сыртқы істер Сергей Лавров Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның оның жағалауындағы бес елдің ынтымақтастығын арттыратынын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 11, 2018 14:56 Asia/Almaty
  • Лавров Каспий теңізі конвенциясының іске асырылуын қолдады

Ресей Сыртқы істер Сергей Лавров Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның оның жағалауындағы бес елдің ынтымақтастығын арттыратынын қуаттады.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сергей Лавров дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның негізгі нәтижесі оған мүше бес ел үкіметінің Каспий теңізіне қатысты мәселелерге жауапты екендіктерін қуаттауы болды. Бұл құжат – Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту саласындағы үлкен қадам»,- деді. Лавровтың айтуынша, басқа мемлекеттер бұл аймақтың мәселелеріне аталмыш конвенцияға қол қойған бес елдің келісімімен ғана араласа алады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға 2018-ші жылдың тамыз айының 12 күні Ақтау қаласында теңіз жағалауындағы Иран, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан және Әзірбайжан президенттері қол қойды.