Huawei компаниясының қаржы директоры төлем кепілі арқылы азат етілді
Жел 12, 2018 15:40 Asia/Almaty
Канадада қамауға алынған Қытайдың Huawei компаниясының қаржы директоры төлем кепілі арқылы азат етілді.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Канаданың Ванкувер қаласының Соты сейсенбі күні Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды жеті жарым миллион долларлық төлем кепілінің жариялануы және электрондық білезік тағу сияқты бірнеше шартпен азат етті. Сот Huawei компаниясының қаржы директорын Канада үкіметі оны АҚШ-қа тапсыру туралы қорытынды шешім қабылдайды деген шартпен босатты.
Мэн Ваньчжоу желтоқсанның бірі күні АҚШ-тың талабы және АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын бұзды деп айыпталып, Ванкувер әуежайында қамауға алынды.
Тегтер