Гутерреш халықаралық ойыншылардан "Ортақ қадам" бағдарламасының жалғасуына кепілдік сұрады
(last modified Wed, 12 Dec 2018 16:22:30 GMT )
Жел 12, 2018 22:22 Asia/Almaty
  • Гутерреш халықаралық ойыншылардан

БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш №2231-ші қарардың орындалуына орай жасаған алтыншы мәлімдемесінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ең маңызды дипломатиялық жетістік деп атап, аймақ пен халықаралық ойыншылардан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жалғасуына кепілдік беруді сұрады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Антониу Гутерреш бүгін, сәрсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында баяндалатын мәлімдемесінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының кеңестің №2231-ші қарарымен бекітілгенін, бұл халықаралық келісімнің әлемнің тұрақтылығын сақтау үшін қажеттігін қуаттады.

Гутерреш АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иранға санкцияларды қайта салуын аталмыш келісімнің мақсаттарына жетуге кедергі болатынына тоқталып: "№2231-ші қарар БҰҰ-на мүше барлық мемлекеттерден "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын қолдап, бұл келісімді әлсірететін кез келген әрекеттен бас тартуды талап етеді",- деді.

Гуттереш бұл мәлімдемесінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының шілденің 6 күні Венада өткен соңғы отырысындағы Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарының барлық баптарына назар аударып, Иранмен сауда және экономикалық қарым-қатынас орнату үшін қажет арнайы қаржы механизмнің ұсынылуын қолдап, тараптарды оны іске асыруға жігерлендірді.