Трамп Иранға қарсы тағы жалған айтты
АҚШ Президенті Иранға ақша төленгені туралы өтірігін қайталады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында бұрынғы өтірігін қайталап: "Демократтар мен бұрынғы Президент Барак Обама Иранға 150 млрд доллар беріп, ештеңеге қол жеткізбеді",-деп жазды. Трамп бұл уәжін бұдан бұрын да айтқан болатын.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осыдан бұрын бір мақалада "Трамп «Вашингтон Теһранға миллиардтаған доллар төледі» деген сөзді 2015 жылғы ядролық келісімнің бір бөлігі ретінде ұдайы қайталауды жақсы көреді.
Трамптың айтудан жалтаратын нәрсесі мынада: сол қаражаттың басым бөлігі Иранға тиесілі мүлік, ал қалғаны АҚШ-тың Иранға берешек ескі қарызы болған.
Трамптың Иранға бірден 150 млрд доллар төленді деген уәжі АҚШ-тың Қаржы министрлігі мұндай соманың Иранға төленбегенін мәлімдеген жағдайда айтылып отыр",-деп жазған болатын.