Францияда «Сары кеудешелер» қозғалысының құрбандар саны артты
Францияда «Сары кеудешелер» қозғалысы деп аталатын капитализмге қарсы наразылық шерулерінің құрбандар саны 7 адамға жетті.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, франциялық ақпарат құралдары жұма күні кешке осы елдің солтүстігінде капитализмге қарсы «Сары кеудешелер» қозғалысын жақтаушылардың наразылық шеруінде бір француз әйелдің қаза болуымен Франция үкіметінің экономикалық саясаттарына наразылықтардың құрбандар санының 7 адамға жеткенін хабарлады.
Францияның Ішкі істер министрінің хабарлауы бойынша, наразылықтардың бесінші күні, кеше Францияның түкпір‑түкпірінде 33500 адам шеру өткізді. 3000‑ға жуық шеруші Париждің «Шанзелизе» көшесінде жиналды.
Франция полициясы да қамауға алынған наразылар санының 107‑ға жеткенін хабарлады.