БҰҰ ДАИШ-тың Ауғанстандағы белсенділігін алаңдатарлық деп атады
БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі дүйсенбі күні ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы белсенділігінің артуына қатысты ескерту жасады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Тадамити Ямамото Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстан тақырыбында өткен отырысында бұл елдегі ДАИШ-тың араласушылық әрекеттерінің артуына алаңдаушылық білдіріп, оны аймақ үшін қоқан-лоққы деп атап, 2018-ші жылы Ауғанстанда лаңкестік шабуылдар салдарынан 2000-нан астам адамның қаза болғанын айтты.
БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі сондай-ақ, Ауғанстандағы бейберекеттіктер мен соғыстың артуына тоқталып, биылғы жылдың бірінші тоғыз айында бұл елде 8000-нан астам әскери емес бейбіт тұрғынның, соның ішінде 2136 баланың қайтыс болғанын мәлім етті.
Ауғанстан басшылары мен халқының көбі АҚШ пен оның одақтастарын елдегі тынышсыздықтардың, соғыс және ДАИШ лаңкестік тобының негізгі факторы санайды.