Зариф: Батыс Сирия мәселесін саяси жолмен шешуге келісті
(last modified Wed, 19 Dec 2018 07:19:45 GMT )
Жел 19, 2018 13:19 Asia/Almaty
  • Зариф: Батыс Сирия мәселесін саяси жолмен шешуге келісті

Ресейлік және түркиялық әріптестерімен бірге сейсенбі күні Сирия Конституциясы жөніндегі комитет туралы Женевадағы үш жақты кеңеске қатысқан Иран Сыртқы істер министрі Твиттерде Батыстың Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге келісуге мәжбүр болғанын жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Батыс тыйым салудың орнына Сирияның саяси үдерісін жеңілдетуге көмектесуі керек»,- деп қуаттады.

Сирия Конституциясы жөніндегі комитет туралы Женевадағы үш жақты кеңес Сирия істері жөніндегі АҚШ өкілі Джеймс Джефри Вашингтонның Сирияның заңды жүйесін құлатып, Президенті Башар Асадтың билігін құлатуды көздемейтінін мәлімдеген жағдайда өтті.

 

 

Тегтер