Трамп мыңдаған америкалық әскериді Ауғанстаннан шығаруға бұйрық берді
https://itolqyn.com/news/world-i40489
АҚШ президенті 7000 америкалық әскериді Ауғанстан жерінен шығаруға бұйрық берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 21, 2018 16:46 Asia/Almaty
  • Трамп мыңдаған америкалық әскериді Ауғанстаннан шығаруға бұйрық берді

АҚШ президенті 7000 америкалық әскериді Ауғанстан жерінен шығаруға бұйрық берді.

CNN арнасының АҚШ-тағы әскери дереккөзге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл елдің әскеріне Ауғанстан жерінен 7000-ға жуық әскериді шығаруға бұйрық берді.

CNN арнасы америкалық әскери күштерді Ауғанстан территориясынан шығару туралы шешімнің Сирияға қатысты дәл сондай шешіммен бір мезгілде, яғни сейсенбі күні қабылданғанына тоқталып, осынша әскери күшті елден шығару үдерісінің бірнеше айға созылуы мүмкін екендігін хабарлады.

Бұл хабар Трамптың сәрсенбі күні америкалық күштерді Сирия жерінен шығаруға қатысты ақпарат құралдарының болжамдарынан кейін америкалық әскерилерді АҚШ-қа қайтару туралы бұйрық берген жағдайда жарияланды.

Трамп мұның алдында америкалық күштердің Сирия мен Ауғанстан территориясынан шығару әрекетін ақтау үшін америкалық әскерилердің бұл елдердегі құзыры Вашингтонға шығын келтіріп отыр деп айтқан болатын.