Трамп: Дамаск пен одақтастары америкалықтардың Сириядан шығарылуына наразы
АҚШ президенті Иран, Ресей, Сирия мен басқа да көптеген елдердің АҚШ-тың Сирия территориясынан шығарылуына қуанбайтынын, себебі олардың Вашингтонның көмегінсіз ДАИШ-пен соғысуға мәжбүр екені туралы уәж айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп бейсенбі күні Twitter әлеуметтік желісінде АҚШ-тың Сирия территориясынан шығу туралы шешімін қорғаған твиттерінде Сириядан шығудың тосын шешім болмағанын, жарты жыл бұрын осылай жасауды қалағанын жазды.
Трамп сондай-ақ, АҚШ-тың Таяу Шығыстың полициясы болуды қаламайтынын, себебі одан ешқандай пайда көрмейтінін жазды.
Трамптың Иран, Ресей мен Сирияның америкалық күштердің Сирия территориясынан шығарылуына разы еместігі жайлы уәжі бұл үш ел америкалық әскерилердің Сирия жерінде орналасуын заңсыз деп есептеген жағдайда айтылып отыр.