АҚШ Иран, Ресей мен Қытайды Конгресс сайлауына араласты деп айыптады
АҚШ-тың Ұлттық Барлау ұйымының директоры жұма күнгі баяндамасында Иран, Ресей мен ҚХР-ын жуырдағы АҚШ Конгресінің сайлауына ықпал етуге талпыныс жасады деп айыптады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дэн Коутс ешбір айғақ пен құжатсыз Иран, Ресей және ҚХР-н америкалық дауыс берушілерге ықпал етуге талпыныс жасады деп айыптады.
Дэн Коутс бұл баяндамасын АҚШ президенті Дональд Трамп пен жуырда өткен АҚШ Конгресінің сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты органдардың алдында оқыды.
АҚШ Конгресінің кезеңаралық сайлауы қарашаның алтысы күні өтті.
Мұның алдында АҚШ-тың Ұлттық барлау ұйымы басшысының кеңсесі, Ішкі қауіпсіздік министрлігі, Әділет министрлігі мен АҚШ-тың Федералды полициясы ортақ мәлімдеме жариялап, Ресей, ҚХР мен Иранды Конгреске сайлау үдерісіне ықпал етуге талпыныс жасады деп айыптаған болатын.
Ресей, ҚХР мен Иран жалған айыпты теріске шығарды.