Ұлыбритания әл-Каиданың қайта пайда болғаны туралы ескертті
(last modified Sun, 23 Dec 2018 13:24:17 GMT )
Жел 23, 2018 19:24 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания  әл-Каиданың қайта пайда болғаны туралы ескертті

Ұлыбритания Ішкі істер министрінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары сенбі күні әлемде "әл-Каида" лаңкестік тобының қайта пайда болғаны туралы ескертіп: "Бұл топ Еуропада әуежайлар мен жолаушы тасымалдаушы ұшақтарда жаңа лаңкестік әрекеттер жасауды көздеп отыр",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бен Валлас "The Sunday Times" апталық газетіне берген сұхбатында: "Әл-Каида қатері күшейіп барады.  Бұл Ұлыбритания министрлерін ұйқыдан айырды.

Қауіпсіздік қызметтері тексерістерінің нәтижесі көрсеткендей, лаңкестік топ қазір жолаушы тасымалдаушы ұшақтардың құлауына әкеліп соқтыратын дамыған технологиялармен жұмыс істеп жатыр.

«Әл-Каида" лаңкестік тобы бұрынғыдай ұшқышсыз ұшақтарға жарылғыш заттар қоюмен айналысуда. Осылайша оларды басты нысаналарға қолдануды көздеп отыр",-деді.

Валластың бұл сөзі белгісіз ұшқышсыз ұшақтар Лондонның "Гатвик" әуежайы жұмысын 3 күнге тоқтатып, мыңдаған жолаушыны сергелдеңге салған жағдайда айтылды.