Иран Доха отырысына қатысуға шақырылды
(last modified Sun, 10 Apr 2016 09:00:52 GMT )
Сәу 10, 2016 15:00 Asia/Almaty
  • Иран Доха отырысына қатысуға шақырылды

Иранның Мұнай министрі ИИР-ның Дохада өтетін ОПЕК ұйымына мүше елдердің отырысына қатысуға шақырылғанын хабарлады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сенбі күні түстен кейін Теһранның Сауда палатасында Иран мен Үндістан экономикалық делегацияларының ортақ отырысы аясында Сауд Арабиясының Иранның мұнай танкерлеріне санкция салатыны туралы уәждеріне тоқталып: «Біздің мұнай танкерлерімізге санкция салатындай Сауд Арабиясы қандай күшке ие?»-деді.

17 сәуірде Катардың Доха қаласында мұнай өндіру деңгейін тұрақтандыру жобасын талқылауға арналған отырыс өтеді деп жоспарлануда.

Бұл отырыста ОПЕК-ке мүше елдер мен осы ұйымға мүше емес Ресей сияқты кейбір өндірушілер мұнай өндірісі деңгейін тұрақтандыру жобасын талқылайтын болады. Аталмыш жоба бойынша мұнай өндірісінің деңгейі 2016 жылдың қаңтар айындағы межеден аспауы тиіс.

Тегтер