Қазақстан Ресейден қырғи ұшақ алды
Жел 26, 2018 14:52 Asia/Almaty
Ресей Қазақстанға заманауи Су-30СМ қырғи ұшақтарын тапсырды.
Анадолу ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде Ресейден Су-30СМ қырғи ұшақтарын алғанын хабарлаған.
Осы мәліметке сәйкес, жоғары мүмкіндіктерге ие әскери ұшақтарды тапсырып, қабылдап алу – Қазақстан мен Ресей арасындағы тактикалық ынтымақтастықтардың бір бөлігі. Қазақстанның әуе күштері ұшақтарды сынақтан өткізіп, жаттығуларында пайдаланды.
Тегтер