Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылының жеңіліс табуының Ресей баяндаған нұсқасы
https://itolqyn.com/news/world-i40582-Израильдің_Сирияға_жасаған_әуе_шабуылының_жеңіліс_табуының_Ресей_баяндаған_нұсқасы
Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы: «Сирияның зымырандық қорғаныс кешені Израиль атқан он алты зымыранның он екісінің көзін жойды» деп хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 27, 2018 19:55 Asia/Almaty
  •  Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылының жеңіліс табуының Ресей баяндаған нұсқасы

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы: «Сирияның зымырандық қорғаныс кешені Израиль атқан он алты зымыранның он екісінің көзін жойды» деп хабарлады.

«РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Игорь Конашенков: «Израиль сейсенбі күні кешке Сирияға әуе шабуылын Бейрут пен Дамаск әуежайларында екі азаматтық ұшақ қонып жатқан кезде жасады.

Апаттың алдын алу үшін Сирия армиясы барлық мүмкіндікті пайдаланып, соның ішінде әуе қорғаныс кешені мен электронды соғыс құралдарын қолдану арқылы жолаушы тасымалдаушы ұшақтарды қатерлі аймақтан алыстатып, оларды басқа әуежайларға қондырды.

Израильдің 6 F-16 қырғи ұшағы шабуылдарымен екі жолаушы ұшағына шын мәнінде қатер төндірді»,‑деді.

Ақпарат құралдары сейсенбі күні кешке сионистік режим қырғи ұшақтарының Сирияның астанасы Дамасктың маңына шабуыл жасағанын хабарлады.