Ирак Премьер-министрі Трамппен кездесуге екі шарт қойған
Ирактың ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, бұл елдің Премьер-министрі Адел Абдул-Махди АҚШ Президенті Дональд Трамппен "Ейн ул-Асад" базасында кездесу үшін екі шарт қойған.
"Әл-Ғадир" телеарнасының хабарлауы бойынша, Дональд Трамптың сәрсенбі күні Ирактың әл-Анбар облысындағы "Ейн ул-Асад" әскери базасына сапары барысында Адел Абдул-Махди "Трамп Бағдадқа келген кезде Иранға қарсы санкциялар тақырыбын талқыламаған" жағдайда ғана АҚШ Президентімен кездесуге келіскен.
Осы мәлімет бойынша, Трамп Адел Абдул-Махдидің шарттарын қабылдамаған соң, Ирак Премьер-министрі "Ейн ул-Асад" базасына бармаған.
Ирак Премьер-министрінің кеңсесі осы сапар жайлы хабарлап: "Трампты ресми түрде қарсы алып, Ирак Премьер-министрімен кездесу ұйымдастырылу керек болған. Алайда кездесудің өткізілу бағдарламасына қатысты қайшылық телефон арқылы сұхбатпен шектелуге себеп болды",-деді.