Ирак Премьер-министрі Трамппен кездесуге екі шарт қойған
(last modified Fri, 28 Dec 2018 11:58:46 GMT )
Жел 28, 2018 17:58 Asia/Almaty
  • Ирак Премьер-министрі Трамппен кездесуге екі шарт қойған

Ирактың ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, бұл елдің Премьер-министрі Адел Абдул-Махди АҚШ Президенті Дональд Трамппен "Ейн ул-Асад" базасында кездесу үшін екі шарт қойған.

"Әл-Ғадир" телеарнасының хабарлауы бойынша, Дональд Трамптың сәрсенбі күні Ирактың әл-Анбар облысындағы "Ейн ул-Асад" әскери базасына сапары барысында Адел Абдул-Махди "Трамп Бағдадқа келген кезде Иранға қарсы санкциялар тақырыбын талқыламаған" жағдайда ғана  АҚШ Президентімен кездесуге келіскен.

Осы мәлімет бойынша, Трамп Адел Абдул-Махдидің шарттарын қабылдамаған соң, Ирак Премьер-министрі "Ейн ул-Асад" базасына бармаған.

Ирак Премьер-министрінің кеңсесі осы сапар жайлы хабарлап: "Трампты ресми түрде қарсы алып, Ирак Премьер-министрімен кездесу ұйымдастырылу керек болған. Алайда кездесудің өткізілу бағдарламасына қатысты қайшылық телефон арқылы сұхбатпен шектелуге себеп болды",-деді.