Демократ сенатор: Трамп үкіметті кепілдікке алды
АҚШ-тың демократ сенаторы Трамптың шекаралық дуал салу тақырыбына табандылық таныту арқылы федералдық үкіметті кепілдікке алғанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дик Дурбин Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың құны 5 млрд долларды құрайтын сұрқия талабына табандылық танытуы шекаралық дуал салу пайдасыз болатын жағдайда жасалып отыр.
Сол себепті АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі жұмысының тоқтатылуынан үміт күтудің қажеті жоқ",-деді.
Трамп Мексикамен араға шекаралық дуал салуға қаражат алу үшін АҚШ Сенатының қолдауына ие бола алмаған соң федералдық үкіметтің кейбір бөліктері өткен сенбі күннен бері жұмысын тоқтатты.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, федералдық үкімет жұмысының демалысы жаңа жылдық демалыстардан кейін Конгрестің қайта ашылуына дейін жалғасады.
Трамп үкіметі осымен үшінші рет өз жұмысын тоқтатып отыр.