Ресейде Сирия бейбітшілік келіссөздерінің кезекті отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i40599-Ресейде_Сирия_бейбітшілік_келіссөздерінің_кезекті_отырысы_өтеді
Ресей СІМ-нің орынбасары елінде "Астана үдерісі" деп аталатын Сирия бейбітшілігіне кепіл мемлекеттер басшыларының үшжақты отырысының өтетінін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 29, 2018 15:33 Asia/Almaty
  • Ресейде Сирия бейбітшілік келіссөздерінің кезекті отырысы өтеді

Ресей СІМ-нің орынбасары елінде "Астана үдерісі" деп аталатын Сирия бейбітшілігіне кепіл мемлекеттер басшыларының үшжақты отырысының өтетінін мәлімдеді.

France ақпарат агенттігінің хбарлауы бойынша, Михаил Богданов отырыстың Иран, Түркия және Ресей президенттері Хасан Рухани, Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путинның қатысуымен өтетінін айтты.

Отырыс 2017 жылдан бастап жоғарыда аталған елдердің бастамасымен Вашингтонның қатысуынсыз Қазақстанның елордасы Астана қаласында басталған Сирия бейбітшілік келіссөздері аясындағы шара саналады.