Берни Сандерс: Трамп – өтірікші әрі арам адам
https://itolqyn.com/news/world-i40605
АҚШ-тың Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерс жұма күні АҚШ президенті Дональд Трампты өтірікші, арам, тәкаппар және алаяқ адам деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 29, 2018 21:13 Asia/Almaty
  • Берни Сандерс: Трамп – өтірікші әрі арам адам

АҚШ-тың Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерс жұма күні АҚШ президенті Дональд Трампты өтірікші, арам, тәкаппар және алаяқ адам деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Берни Сандерс АҚШ халқының өтірікші, арам, тәкаппар әрі алаяқ президенттен шаршағанын айтып: "Америкалықтар АҚШ қоғамын жікшілдікке ұшырататын емес, қайта олардың бірлігін нығайтатын президентті қалайды",- деді.

Вермонт штатының сенаторы сәрсенбі күні елде кемсітушіліктің етек жайып, ауқатты және кедей топтар арасындағы алшақтықтың артуын сынаған болатын.

Сандерс Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "АҚШ-та ауқатты адамдар бұрынғыдан бетер байып жатқан жағдайда миллиондаған тұрғынның қарапайым шығындарын, атап айтқанда денсаулық сақтау, баспана, емдеу және білім алу салаларындағы шығындарын төлеуге шамасы жетпей отыр",- деп жазды.