Жел 30, 2018 01:34 Asia/Almaty
  • Ирандық зілтемірші Таяу Шығыста үш алтын медаль алды

Иранның 55 кг салмақтағы зілтеміршісі Таяу Шығыс чемпионатында үш алтын медальға қол жеткізді.

Бахрейннің Манама қаласында жеткіншектер, жастар мен ересектер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Таяу Шығыс чемпионатының бірінші күні Иран армиясы Құрлық күштері командасындағы зілтемірші Пейман Дехқани 3 алтын жүлде алды.

Пейман Дехқани жұлқа көтеруде 79 кг, ал серпе көтеруде 115 кг-ды еңсеріп, жалпы 194 кг тіркеп, 3 алтын жүлде алды.

Бұл чемпионатта екі бахрейндік зілтемірші жалпы 136 және 115 кг көтеріп, екінші және үшінші орындарға тұрақтады.  

 

Тегтер