Ресей Сирияны қолдауды жалғастырады
https://itolqyn.com/news/world-i40632-Ресей_Сирияны_қолдауды_жалғастырады
Ресей президенті Сирия үкіметі мен халқына лаңкестер және дұшпандармен күресте қолдау көрсетуді жалғастыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 31, 2018 15:24 Asia/Almaty
  • Ресей Сирияны қолдауды жалғастырады

Ресей президенті Сирия үкіметі мен халқына лаңкестер және дұшпандармен күресте қолдау көрсетуді жалғастыру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Владимир Путин жексенбі күні Сирия президенті Башар Асадты 2019 жылмен құттықтаған жолдауында Мәскеудің Сирия үкіметі мен халқына лаңкестікпен күресте қолдау көрсетуін жалғастыратынын мәлімдеді.

Владимир Путин сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында басқа да бірқатар елдің басшыларына құттықтау жолдап, әртүрлі салалар бойынша жан-жақты ынтымақтастықтар мен қатынастардың арта түсуіне тілек білдірді.

Ресей президенті саяси қарым-қатынастар, экономикалық ынтымақтастықтар мен лаңкестікпен күресті арттырып, энергетика, мәдениет, ғылым және білім салалары бойынша жобаларды жүзеге асыру, дағдарыстарды шешу мен бейбітшілік орнату мақсатында ортақ шешім жолдарын табу қажеттігін қуаттады.