Қытай Ресейден алған С-400 зымырандық жүйені сынақтан өткізді
Қаң 02, 2019 21:16 Asia/Almaty
Қытай армиясы бірінші рет Ресейден сатып алған С-400 зымырандық қорғаныс жүйесін кейбір нысаналарды жою мақсатында сынақтан өткізді.
ИРНА ақпарат агенттігінің қытайлық газеттердің біріне сілтеме жасап, хабарлауы бойынша, сынақ кезінде Қытай армиясының зымырандық бірлігі С-400 жүйесін пайдаланып, жылдамдығы 3км/с баллистикалық нысананы 250 километр қашықтықта анықтап, жарып жіберді. Қытай бұл зымырандық қорғаныс жүйесін Ресейден 3 миллиард долларға сатып алды.
Тегтер