Ресей армиясының Сириядағы операциясында ондаған мың лаңкес өлді
Ресей Қорғаныс министрлігі ел армиясының Сириядағы лаңкестікке қарсы операцияларында ондаған мың лаңкестің өлгенін хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде ел армиясының Сирияның әртүрлі аймақтарындағы әрекеттерінде 87000 астам лаңкестің өлгенін, соның ішінде 830-ның лаңкестердің басшылары болғанын хабарлады. Сондай-ақ, бұл әрекеттерде лаңкестердің 1000-нан астам базасы, шамамен 10000 қару және жанармай қоймалары жойылды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, ел армиясының Сириядағы лаңкестерге қарсы әрекеттерінде лаңкестердің 650 танкі мен 700-ден артық әскери көлігі жарылған.
Сирия дағдарысы аймақ теңгерімін сионистік режимнің мүддесіне өзгерту мақсатында 2011-ші жылы Сауд Арабиясы, АҚШ және олардың одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтардың шабуылдарымен басталды. Бірақ, Сирия халқы мен армиясының талпыныстарымен дұшпанның қастықтары мақсаттарына жетпеді.