Трамп америкалық күштерді Сириядан сақтықпен шығаратынын мәлімдеді
(last modified Tue, 08 Jan 2019 07:17:45 GMT )
Қаң 08, 2019 13:17 Asia/Almaty
  • Трамп америкалық күштерді Сириядан сақтықпен шығаратынын мәлімдеді

АҚШ Президенті дүйсенбі күні ел күштерін Сириядан жылдам шығарылатыны туралы бұрынғы ұстанымынан шегініп, бұл үдерістің сақтық және ықтияпен іске асырылатынын мәлімдеді. Трамп дүйсенбі күні Твиттержегі парақшасында: «ДАИШ-тың Сириядағы әрекеттерінің жалғасуына қатысты біздің күштеріміз бұл елден сақтықпен шығарылады»,- деп жазды.

Америкалық күштердің Сириядан тез арада шығарылатыны туралы сөздерінен кейін АҚШ-тың іші мен одақтастары тарапынан қысымға түскен Дональд Трамп: «Сирияда ДАИШ әрекеттерінің жалғасуына байланысты америкалық күштерді бұл елден біртіндеп шығару керек»,- деді.

Трамптың бұл сөзді АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның басып алынған Палестина жерлеріне сапар шегіп, сол жерде Израиль премьер-министрі Нетаньяхуге «ДАИШ сәтсіздікке ұшырамай, америкалық күштер Сириядан шықпайды» деп мәлімдегеннен кейін айтты.

 

 

Тегтер