Иран Сыртқы істер министрі Үндістанға сапар шекті
(last modified Tue, 08 Jan 2019 09:20:10 GMT )
Қаң 08, 2019 15:20 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Үндістанға сапар шекті

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Үндістанға үшкүндік сапарын бастады.

Үнді басшыларымен кездесу, екі елдің ортақ сауда отырысы мен жыл сайын өтетін халықаралық Raisina диалогына қатысу Иран Сыртқы істер министрінің Үндістан сапарының бағдарламаларының қатарына кіреді.

Үнді басшыларымен кездесу, екі елдің ортақ сауда отырысы мен жыл сайын өтетін халықаралық Raisina диалогына қатысу Иран Сыртқы істер министрінің Үндістан сапарының бағдарламаларының қатарына кіреді.

Саяси сарапшылар бұл сапарды саяси және экономикалық тұрғыдан маңызды санайды. Иран Сыртқы істер министрінің делегациясына мемлекеттік және жекеменшік көптеген компания басшыларының кіруі екі елдің экономикалық мақсаттарға ие екендігін көрсетеді. Иран мен Үндістан саяси-экономикалық және сауда салаларында ортақ мүдделерге ие. Үндістан өзінің экономикасын дамыту үшін энергетикалық ресурстарды қажет етеді. Иран сол қажеттіліктерді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Иран 2018-ші жылдың сәуір айынан маусымына дейін Үндістанды мұнаймен қамтамасыз ететін үшінші мемлекетке айналды. 2018-ші жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Үндістанның Ираннан енгізген бүкіл экспорты 11 миллиард долларды құрады. Оның 90 пайызы шикі мұнай экспортын құрады.

Чабаһардың ерекше әлеуеті мен мемлекеттерге ұсынатын экономикалық мұрсаттары Иран мен Үндістан қарым-қатынастарының алтын кезеңі саналады.  Үндістан басшылары Зарифпен кездесулерінде екі елдің Чабаһардағы ынтымақтастықтарын арттыру туралы сөйлесетінін қуаттады. Бұл жоба Үндістанның инвестиция салу, сондай-ақ, бұл порттың Ауғанстанды дамыту маңыздылығына байланысты АҚШ-тың санкцияларынан босатылды. Үнді мұхитының екі ел үшін өте маңызды болуына байланысты, сондай-ақ Оман теңізі мен Чабаһар портының Үнді мұхитының стратегиялық кіреберісі болуына байланысты Иран мен Үндістанның  бұл саладағы қарым-қатынастары екі елдің мүддесі үшін сындарлы болады. Екі елдің экономикалық белсенділері бұл портты аймақтың әсіресе үнді компанияларының үлкен нарығына айналдырып, Иранның транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланып, солтүстік-оңтүстік дәлізі және Орталық Азия, Ауғанстан мен Ирактың 500 миллион долларлық нарығына жол таба алады.

Үндістанның Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Омандағы бұрынғы елшісі Телмиз Ахмад: «Қазір біз Үндістан мен Иран қарым-қатынастарының артуына куә болып отырмыз. Иран Сыртқы істер министрінің сапарын стратегиялық тұрғыдан бағалауымыз керек. Бұл сапар Иран Сыртқы істер министріне екі ел қарым-қатынасының маңыздылығын қуаттау үшін мұрсат тудырады. АҚШ әлі сылбыр реакция білдіріп, Иран туралы екіұшты жауаптар жариялап жатыр»,- деді. Сол себепті бұл сапар Теһран мен Дели тарапынан саси және экономикалық салалар бойынша айқын жолдауларға ие. Иран мен Үндістан АҚШ пен басқа мемлекеттердің саяси қысымдарына қарамастан тек ұлттық мүдделеріне сүйеніп, екіжақты қарым-қатынастарының келешегі туралы шешім қабылдайтынын, экономикалық ынтымақтастықтарын жоғары деңгейге жеткізуге дайын екенін көрсетті.