Қаң 09, 2019 21:03 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Ресейге аттанды

Иран Сыртқы істер министрінің арнайы саяси істер жөніндегі аға көмекшісі ресейлік басшылармен кездесіп, сөйлесу үшін бүгін Мәскеуге жетті.

Иран Сыртқы істер министрінің арнайы саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Хосейн Джабери Ансари  Мәскеу сапарында  аймақтың, әсіресе Сирияның маңызды мәселелері туралы ресейлік басшылармен пікір алмасады.

ИИР Батыс Азия аймағындағы ықпалды елдердің бірі ретінде аймақтың, соның ішінде Сирия дағдарысын әрқашан саяси жолмен шешуге талпыныс жасап келеді.

 

 

Тегтер