Песков Израиль ақпарат құралдарының хабарларын оқымауға кеңес берді
Қаң 10, 2019 18:06 Asia/Almaty
Ресей президентінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің ақпарат құралдарында жарияланған «Мәскеу Израильдің сайлауына араласты» деген хабарларға реакция білдіріп, Израильдің БАҚ хабарларын оқымауға кеңес берді.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елінің ешқашан бірде-бір сайлау үдерісіне араласпағанын және араласпайтынын мәлімдеді.
Песков бұл сөзді сионистік режимнің Барлау және ішкі қауіпсіздік ұйымы (Шабак) дүйсенбі күні «Бір бөгде мемлекет Израильдің 2019 жылдың сәуір айында өтетін парламенттік сайлауына араласуды көздеп отыр» деген мәлімдемесіне реакция ретінде айтылды.
Тегтер