БҰҰ: 24 миллион йемендікке ашаршылық қаупі төніп тұр
БҰҰ бас хатшысының гуиманитарлық істер жөніндегі орынбасары сәрсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 24 миллион йемендікке ашаршылық қаупі төніп тұрғанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Марк Лоукок Йемен жағдайын апатты деп атап, бұл елдің әлемдегі ең ауыр адами апатпен күресіп жатқанын баса айтты.
БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары, сондай-ақ, Сана халықаралық әуежайының жабық екендігін, халықаралық әуежайдың жабық болуының мыңдаған йемендік науқасты емдеу және оларға дәрі-дәрмек жеткізу мүмкіндігінен айырғанын айтты.
БҰҰ бас хатшысының Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Мартин Гриффитс та Сана әуежайының жабық болуына өкініш білдіріп, ашаршылық пен аурулардың таралуының елдің көптеген азаматының өміріне қауіп төндіруіп тұрғанын мәлімдеді.