Маджид Маджиди Қытайда фильм түсіретін болды
Қытайдың Балалар фильмі студиясының басшылары бүгін, жексенбі күні Бейжіңде ирандық режиссер Маджид Маджидидің режиссерлігімен фильм түсіретіні туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум бойынша, Маджид Маджиди 2019-2020-шы ж.ж. Қытайда балаларға арналған бір фильм түсіреді. Иранның танымал режиссері Маджид Маджиди осыдан екі ай бұрын Бейжің кинематография академиясының "Құрметті профессоры" және Азиялық кинематография академиясының "Құрметті ұстазы" атағына ие болды. Осы кезде Маджидидің "Аспан балалары" мен "Аваз-е гонджешкһа" ("Торғайлар әні") фильмдері Қытайдың кинематография академиясында сабақ ретінде оқытылады.
Маджид Маджиди – Оскар жүлдесіне ие болған бірінші ирандық режиссер. Оның "Аспан балалары" фильмі 1998-ші жылы "Үздік шетелдік фильм" номинациясына үміткер бес фильмнің бірі болды.