Қаң 14, 2019 20:26 Asia/Almaty
  • Иран Аустриядағы Халықаралық туристік көрмеге қатысты

Венада "Демалыс уақыты" деп аталатын Аустрияның 14-ші Халықаралық туристік көрмесі ондаған елдің, соның ішінде ИИР-ның қатысуымен өтті.

Әлемнің 80 елінен 850-ден астам компанияның қатысуымен өткен бұл халықаралық көрмеде бірқатар ирандық туристік компаниялар мен агенттіктер көрермендерге Иранға саяхаттау пакеттерін ұсыну арқылы елдің бай мәдени және туристік тартымдылықтарын таныстырды.

Иранның Аустриядағы елшісі Абдулла Моулаи да көрмедегі Иранның павильонын тамашалап, ирандық туристік компаниялар мен агенттіктердің өкілдерімен Иран мен Аустрияның туризм саласындағы әріптестігінің перспективасы жайлы сұхбаттасты.

Аустрияның 14-ші Халықаралық туристік көрмесі бейсенбі күні Венада басталып, жексенбі күні кешке өз жұмысын аяқтады.

 

Тегтер