Қаң 19, 2019 13:06 Asia/Almaty
  • Астана келіссөздерінің жаңа кезеңі ақпанның ортасында өтеді

Ресей СІМ-нің Таяу Шығыс істері жөніндегі Сергей Вершинин Астана келіссөздерінің он екінші кезеңінің ақпанның ортасында өтетінін хабарлады.

Al Alam арнасының мәліметі бойынша, Сергей Вершинин осы хабарды мәлімдеп, Сирия бейбітшілігі жөніндегі "Астана-12" атты он екінші отырыстың нақты мезгілін белгілеуге бағытталған талпыныстардың жалғасып жатқанын айтты.

Вершинин, сондай-ақ, БҰҰ бас хатшысының Сирия істері жөніндегі жаңа өкілі Гейр Педерсеннің қаңтардың жиырма бірі күні Мәскеуге сапармен келетінін хабарлады.

Астана келіссөздері үдерісі ИИР, Ресей және Түркияның бастамасымен 2017 жылдан бастап Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында басталған болатын.

Келіссөздердің басты жетістігі Сирияда шиеленіс азайған аймақтарды құруы саналады.

 

 

Тегтер