Лавров: Қазақстанның кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқығын бұзбайды
Қаң 19, 2019 15:42 Asia/Almaty
Ресей СІМ Қазақстан басшыларының қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу жөніндегі шешімін бұл елдегі орыс тілді тұрғындарға қатысты кемсітушілік саналмайтынын мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров Мәскеуде өткен бір баспасөз отырысында латын әліпбиін пайдалануды қазақ достарының шешімі деп атап, Мәскеудің бұл шешімді орыс тілін немесе Қазақстандағы орыс тілді халықтың құқығын бұзатын шара деп есептемейтінін айтты.
Лавров Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын өте жақсы деп сипаттап, Астананы Мәскеу халықаралық келіссөздерінің негізгі қатысушыларының бірі деп атады.
Тегтер