Ирандық фильм Үндістанның Global фестивалінің Құрмет грамотасымен марапатталды
https://itolqyn.com/news/world-i40945
Ирандық режиссер Мираббас Хосравинежадтың "Фрузан" деп аталған қысқа метражды фильмі Үндістанның Global фестивалінің "Үздік режиссура" номинациясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 20, 2019 20:56 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм Үндістанның Global фестивалінің Құрмет грамотасымен марапатталды

Ирандық режиссер Мираббас Хосравинежадтың "Фрузан" деп аталған қысқа метражды фильмі Үндістанның Global фестивалінің "Үздік режиссура" номинациясының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Фильмдерді таныстыратын платформалардың бірі – Үндістанның Global фестивалі режиссерлер, жазушылар, актерлер мен киноны жақсы көретіндер үшін жағдай жасауға талпынады.

"Өнер мен тәжірибе" және "Қысқа метражды фильмдердің қысқы маусымы" топтары арқылы экранға шыққан қысқа метражды "Фрузан" фильмі – жұбайы өліп, екі кішкентай баламен ауылда тұратын жас әйел туралы хикая.

Үндістанның Global фестивалінің бірінші кезеңінің ашылу салтанаты қаңтардың 10 күні Мумбаи қаласында өтті.