Қаң 21, 2019 13:05 Asia/Almaty
  • Ақ үй «Ортақ қадамнан

Ақ үй жексенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Ақ үйдің "Ортақ қадамнан" шығуы мен Иранға қарсы біржақты санкцияларды қайта күшіне енгізуін АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметінің маңызды жетістіктерінің бірі деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақ үй мәлімдемесінде Иранды лаңкестікке қолдау көрсетіп, аймақта бүлдіргі әрекет жасап жатыр деп айыптап, Трамптың Иранмен күресу үшін жаңа стратегия әзірлегенін хабарлады.

АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға жан-жақты қысым көрсету мақсатындағы бағдарламасын бастаған болатын.

Трамп мамырдың сегізі, сейсенбі күні Вашингтонның "Ортақ қадам" бағадрламасындағы міндеттемелерін біржақты түрде бұзып, елін осы халықаралық келісімнен шығарып, ядролық санкцияларды қайта күшіне енгізді.

Трамптың бұл әрекеті елдің іші мен халықаралық деңгейде ауқымды айыптауға ұшырады.

 

 

 

Тегтер