Қаң 29, 2019 13:49 Asia/Almaty
  • АҚХА бүлдіргі күштердің қысымына қарамастан тәуелсіздігін сақтауы керек

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи дүйсенбі күні Венада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директорымен кездесуінде Юкия Аманодан өткен үш жылдағыдай тақырыптарға бейтарап қатынас танытып, кейбір күштердің қысымына қарамастан Агенттіктің тәуелсіздігін сақтауды сұрады.

Al Alam ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Аббас Арақчи кездесуде сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру саласындағы тараптардың ынтымақтастығының жағдайы мен қазіргі жағдайдың шиеленістілігіне тоқталып, Еуроодақты өзінің тарихи міндеттемесінен хабардар болуға шақырды.

Амано Агенттік пен Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ынтымақтастықтарына ризалық білдіріп, ынтымақтастықтардың жалғасатынына үміт білдірді.

 

 

Тегтер