Зариф пен Лавров Венесуэла туралы сөйлесті
Қаң 29, 2019 14:08 Asia/Almaty
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Венесуэладағы оқиғалар туралы пікір алмасты.
Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров дүйсенбі күнгі телефон арқылы сұхбаттарында Венесуэладағы жуырдағы оқиғалар туралы сөйлесіп, Венесуэладағы қарсылас екі жақты татуластыруға дайын екенін жариялады. Екі елдің Сыртқы істер министрлері Венесуэладағы қақтығысып жатқан екі жақты келісөздер арқылы татуластыруға, сондай-ақ, бұл елдің экономикалық және қоғамдық қиындықтарын жылдамырақ шешуге көмектесуге дайын екенін жариялады. Зариф бұдан бұрын Венесуэла мен Түркия Сыртқы істер министрлерімен де телефон арқылы сұхбатта Венесуэланың жағдайы туралы пікір алмасқан болатын.
Тегтер