Еуропалық үш мемлекет арнайы қаржы механизмін іске асыру туралы уәделерін қайталады
(last modified Tue, 29 Jan 2019 10:38:26 GMT )
Қаң 29, 2019 16:38 Asia/Almaty
  • Еуропалық үш мемлекет арнайы қаржы механизмін іске асыру туралы уәделерін қайталады

Ядролық мәселе туралы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласындағы аса маңызды келісім саналады. Бірақ, 2018-ші жылдың мамыр айында АҚШ-тың одан шығуы келісімнің күшінің жойылуына жақындатқан теріс өзгерістерге себеп болды.

АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң еуропалықтар Иранның экономикалық мүдделеріне кепілдік беріп, бұл келісімді сақтап қалу туралы уәде берді. Осыған орай Иранмен қаржы, сауда және энергетикалық салалардағы байланыстарын жалғастыруға  бағытталған SPV арнайы қаржы механизмін іске асыруға шара қолданбақ болды. Еуроодақ осыдан бірнеше ай бұрын АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен қарсыласып, Иранмен экономикалық ынтымақтастығын жалғастыру үшін арнайы қаржы механизмін орнататынын жариялады. Бірақ осы кезге дейін Брюссель тек уәделерін қайталап, іс жүзінде алға қадам жасаған жоқ. Бұл мәселе Иранның реакциясымен бетпе-бет келіп, елдің жоғары лауазымды басшылары бұл салада ескерту жасады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи жексенбі күні: «Еуропалықтардың кеш болмай тұрып, осыдан бірнеше ай бұрын берген уәделеріне сай әрекет ететіндіктеріне үміттенеміз. Еуропалықтар өз уәделерін орындамаса, алдағы өзгерістер мен әрекеттер Иран, еуропалықтар және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелері үшін жақсы болмайды»,- деді. Бұл шынайы ескерту ирандықтардың еуропалықтардың іске аспайтын уәделерін күте бермейтінін,  Теһранның SPV арнайы қаржы механизмінің іске асырылуына қатысты сабырының шегі бар екенін көрсетеді. Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін келісімнің басқа мүшелерінің АҚШ-тың Иранға қарсы қайта салған санкцияларының теріс салдарларын азайту үшін шынайы талпыныстарын қажет ететінін, сондай-ақ, егер бұл саладағы әрекеттері әсерлі болмаса, Иранның келісімде қалмайтынын сан рет қуаттады. Бұл мәселе еуропалықтардың талпыныс жасауына себеп болды. Германия, Британия мен Франйия өкілдері дүйсенбі күні Брюссельде  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы  Федерика Могеринимен ортақ отырыс өткізді. Бұл отырыстан кейін Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Иранмен сауда ынтымақтастықтарын жалғастыру туралы Германия, Франция және Британия Сыртқы істер министрлерінің    арнайы қаржы желісін реттеу механизмі туралы кеңестерінің жалғасатынын, оның жақын арада тіркелетінін хабарлады.  

Маастың айтуынша, Еуроодақтың мақсаты АҚШ-тың санкцияларына қарамастан сауда қарым-қатынастарын жалғастырып,  халықаралық қаржы айналымы үшін пайдалы механизм орнату болып табылады.  

Алайда еуропалық мемлекеттер ядролық мәселеге қатысы жоқ Иранның зымырандық дамуы мен Еуропадағы лаңкестік әрекеттері секілді сылтаулармен бұл елге қарсы тағы санкция салмақ. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылуына алаңдап, санкция салуды SPV-дің тіркелуінен кейінгі кезеңге қалдырды.

 

 

  

ا