Могерини: Еуроодақ бұрынғыдай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық орындауға міндетті
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы бейсенбі күні кешке (31.01.2019) Еуропаның Иранмен арнайы қаржы желісінің (INSTEX) іске қосылуына қолдау білдіріп, мұны Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау жолындағы маңызды қадам деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Федерика Могерини Еуроодақтың INSTEX-ті жылдам дамытатынын айтып, осы одаққа мүше барлық елдерден аталмыш салада белсендірек әріптестік жасауды сұрады.
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы: «Иран өзінің ядролық міндеттемелеріне берік болғанға дейін бұл одақ та «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын барлық салалар бойынша толық әрі әсерлі орындауға міндетті»,-деді.
Сонымен қатар Ресейдің Еуроодақтағы өкілі Владимир Чижов Еуропа-Иран арнайы қаржы желісінің іске қосылуын қолдайтынын айтып, бұл құралдың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға көмектесетініне үміт білдірді.