Зариф: АҚШ-пен келісімге қол қою – бос әурешілік
(last modified Sat, 02 Feb 2019 06:52:16 GMT )
Ақп 02, 2019 12:52 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-пен келісімге қол қою – бос әурешілік

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен (INF - Intermediate-Range Nuclear Forces Treaty) шыққанына реакциясында АҚШ-пен келісімге қол қоюдың бос әурешілік екенін айтты.

Жұма күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өз елінің «қырғи-қабақ» соғысы кезінде Кеңес Одағының басшысы Михаил Горбачев пен АҚШ Президенті Рональд Рейган арасында қол қойылған Орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен 180 күннің ішінде (6 ай) шығатынын мәлімдеді.  

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың Орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен шығу туралы шешіміне тоқталып: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың тағы бір келісімен шығуы олардың  АҚШ-тың қолы қойылған кез келген құжатқа аллергияларының барын көрсетті»,-деп жазды.  

Зариф: «Дональд Трамптың шарасы АҚШ-пен арада қол қойылған келісімдердің тіпті оларды жазуға кеткен сияның көліміндей де құны жоқтығын білдіреді»,-деді.