Трамп Иран туралы әлі өтірік айтып жүр
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы өтіріктері мен бос сөздерін жалғастырып, өз елі әскерилерінің Иракта орналасуының мақсатын Иранды бақылауға алу деп уәжденді.
Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп: "Ирактағы әскери база үшін көп қаржы жұмсағандықтан бұл базаны сақтап қалуымыз мүмкін. Сондай-ақ, бұл базаны сақтап қалудың себептерінің бірі – Иранды бақылауда ұстау",- деді.
Трамп сонымен бірге америкалық әскерилерді Сириядан шығару шешімін қорғағанымен әскерилерді шығару кестесін нақты айтқан жоқ.
Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы Американың әскери әрекет қолдануы мүмкін екендігін теріске шығармай: "АҚШ Каракасқа қарсы бұл вариантты да қолдануы мүмкін",- деді.
Ирак Парламентінің өкілдері елдің Премьер-министрі Адел Абдел әл-Маһдиден америкалық әскерилердің елде қалуына қарсылық білдіруді талап етті.