Еуроодақ Иранға қатысты қайшы ұстаным білдірді
(last modified Tue, 05 Feb 2019 14:57:13 GMT )
Ақп 05, 2019 20:57 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Иранға қатысты қайшы ұстаным білдірді

Еуроодақ пен еуропалық үш мемлекет «4+1» тобының мүшелері ретінде ядролық мәселеге туралы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының келісімін қолдап, АҚШ-тың одан шығуын сынады. Сондай-ақ, еуропалықтар АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының теріс әсерлерін азайту үшін талпыныс жасады.

Еуропалық мемлекеттер Иранмен доллардан тыс сауда айналымын жеңілдету үшін INSTEX деген қаржы желісін іске қосты. Осындай жағдайда дүйсенбі күні Еуроодақтың қайшылыққа толы, сондықтан еуропалық органның Иранға қатысты ұстанымының үйлесімділігіне күдік тудыратын мәлімдемесі жарияланды. Бұл мәлімдемеде Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелеріне толық табандылық танытуына қолдау көрсетіліп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негізгі мәселесі санкциялардың күшін жою болғаны қуатталып, Дональд Трамптың Иранға қарсы америкалық санкцияларды қайта енгізгеніне өкініш білдірді.

Еуропалықтар Вашингтонның дұшпандық әрекеттерінің теріс әсерлерінің орнын толтыру үшін тез арада қажет шара ойластыратын болды. Бірақ олардың INSTEX қаржы желісі бірнеше айға кешігіп, көптеген шектеулермен іске қосылды. Тіпті, еуропалықтар оның іске қосылуын FATF негіздерін іске асырумен байланыстырып отыр.

Алайда  Еуроодақ дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-тың «Ортақ қадам»  жан-жақты бағдарламасына қатысты шешіміне қарсы болғанымен, оның ИИР-на қарсы басқа уәждеріне қосылды. Бұл салада Брюссель аймақтағы қайшылықтардың артуы мен ИИР-ның оларға қатысты болуына алаңдаушылық білдіріп: "Иран Сирия мен Ливандағы үкіметтік емес ойыншыларға әскери, қаржы және саяси тұрғылардан көмек көрсетіп жатыр",- деген уәж айтты. Еуроодақ осы мәлімдемесін жариялауымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты емес мәселелерде АҚШ-пен жақтас екенін көрсетті. Брюссель "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иранның бұл келісімге табанды болуына байланысты қолдап отырған жоқ. Еуропа аталмыш келісім олардың мүдделерін, яғни қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп санайды. Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы талпынысы дұрыс болғанымен, АҚШ-тың Иранның аймақтағы саясаттары мен зымырандық күш-қуаты туралы уәждеріне қосылуы дұрыс емес.

Еуропалықтар Иран Сирия мен Ливанға араласады деген айыптарын  2011-ші жылдан бері өздері АҚШ-пен бірге Сирияның заңды үкіметін құлатуды көздеген лаңкестік топтарды қолдап, оларды қарумен қамтамасыз етіп отырған жағдайда айтып отыр.

Қорыта айтқанда, Еуроодақтың мәлімдемесінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдау секілді оң тұстары болғанымен, негізсіз сындары мен айыптарын Иран қабылдамайды.