Трамп Иран туралы бос сөзін қайталады
АҚШ Дональд Трамптың президенттік кезеңінде ИИР-н әлсіретіп, елдің жүйесін құлатуды көздеуде.
Осы аяда Трамп АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын жариялауы мен ядролық тақырыпқа қатысты Иранға санкцияларын қайта салу арқылы Иранда кедейшілік пен үмітсіздікті тарату мақсатында экономикалық соғыс бастады. Сондай-ақ, аймақ деңгейінде Трамп үкіметі өзінің 2017 жылғы қауіпсіздік стратегиялық құжаты бойынша, Иранды әлсіретіп, бұл елді Таяу Шығыс аймағындағы саясаттарын өзгертуге мәжбүрлеу мақсатында аймақта коалициялар құруға әрекет жасады.
Трамп АҚШ Конгресінің алдында жасаған жылдық баяндамасында Иранға қарсы бұрынғы уәждері мен айыптарын қайталап, Иранды лаңкестіктің ең үлкен қолдаушысы деп атады. Негізінде Трамп президенттік сайлау науқанында Обама үкіметін ДАИШ лаңкестік тобының құрылуының негізгі себебі деп атағанын ұмытқан сыңайлы. Трамп АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығарған шешімін қорғады. Ол бұл шешімін "Иран ядролық қару шығару жұмыстарын жалғастырып жатыр" деген уәжімен қабылдаған болатын. «5+1» тобының ешбір басқа мүшесі мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын бақылауға міндеттелген Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі Трамптың Иранның ядролық бағдарламасы туралы уәждерін қабылдамай, Иранның аталмыш келісімдегі міндеттемелерін толық орындағанын қуаттады.
Трамп: "Өткен жылдың күзінде біз осы уақытқа дейін ешбір мемлекетке салмаған қатаң санкцияларды Иранға салдық",- деді. Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сан рет сынауымен бірге: "Санкция салынған соң Теһран Вашингтонның талаптарын қабылдауға мәжбүр болады",- деп баса айтты. Алайда АҚШ-тың Иранға қарсы санкция саясаты толық сәтсіздікке ұшырады.
Трамп Иранды антисемитизммен айыптап: "Біз "АҚШ-қа өлім!" деп ұрандатып, еврейлерге геноцид жасау туралы қоқан-лоққы жасайтын режимге немқұрайдылық таныта алмаймыз",- деді. Шын мәнінде Теһран еврейлер мен сионистердің екі басқа екенін сан рет жариялады. Иран жылдар бойы Батыстың, әсіресе АҚШ-тың қолдауымен Палестинаның жерлерін тартып алып, палестиналықтарды басып-жаншып, шекралас елдерге шабуыл жасауды өз саясатының негіздері ретінде қалыптастырған сионистік режимге қарсы.
Иранды оқшаулап, қысым жасауды көздеген Трамптың уәждеріне қарамастан әлем Трамп үкіметінің Иран жүйесін құлату ұстанымынан хабардар. АҚШ-тың Иранның жүйесін құлату саясаты ирандықтардың ұлттық бірлігі мен үстемшілдерге қарсы рухының артуына себеп болды.