Қытайда Құранның ең көне қолжазбасы көрмеге қойылды
https://itolqyn.com/news/world-i41201-Қытайда_Құранның_ең_көне_қолжазбасы_көрмеге_қойылды
Қытайда Құранның ең көне қолжазбасы бірінші рет Цинхай провинциясындағы бір көрмеде жұрт назарына ұсынылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 09, 2019 15:05 Asia/Almaty
  • Қытайда Құранның ең көне қолжазбасы көрмеге қойылды

Қытайда Құранның ең көне қолжазбасы бірінші рет Цинхай провинциясындағы бір көрмеде жұрт назарына ұсынылды.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл қолжазба 15 тармақтан тұратын екі бөлімнен құралған. Жалпы 30 тармаққа бөлініп, 867 беттен тұрады.

Құранның бұл нұсқасы 1100‑1300 жыл бұрын жазылған деген болжам жасалды. Ол Қытайдағы ең көне нұсқа саналады.