Зариф: АҚШ 40 жылда тек сәтсіздікпен бетпе-бет келді
https://itolqyn.com/news/world-i41230
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Иран халқына ызалануына білдірген реакцияда: «40 жылғы қателіктерден кейін Дональд Трамптың АҚШ-тың сәтсіздікке ұшыраған саясатын қайта қарайтын уақыт келді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 12, 2019 15:49 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ 40 жылда тек сәтсіздікпен бетпе-бет келді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Иран халқына ызалануына білдірген реакцияда: «40 жылғы қателіктерден кейін Дональд Трамптың АҚШ-тың сәтсіздікке ұшыраған саясатын қайта қарайтын уақыт келді»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Трамптың парсы тілінде жариялаған твитінде Иран халқының Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына арналған шеруге жаппай қатысуына ашу-ыза танытуына жауап беріп: «АҚШ-тың ирандықтарды мойындатудағы қырық жылғы сәтсіздігі – біздің халықтың еш уақытта бағынбайтынының белгісі. АҚШ-тың қырық жылдық қантөгіс пен қаржы жұмсау арқылы Иранды бейберкеттікке тіреуді көздеген саясаты нәтижеге жеткен жоқ»,- деп жазды.   

Миллиондаған ирандықтың Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына арналған шерулерге жаппай қатысуы америкалық басшылар мен сионистердің ашу-ызасына себеп болды.