Иран, Ресей және Қазақстан бидай саудасы туралы меморандумға қол қойды
Ақп 13, 2019 14:02 Asia/Almaty
Мәскеуде Иран, Ресей және Қазақстан арасында бидай саудасы туралы меморандумға қол қойылды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, меморандумға Ресей мен Қазақстан және Иранның Ауылшаруашылық министрлерінің орынбасарлары қол қойды. Өткен жылдың наурыз айында Мәскеуде өткен Иран мен Ресей ынтымақтастықтары комиссиясының негіздері бойынша, Иран мен Ресейдің бидай транзитінің еркіндігі мен бидай суапы, сондай-ақ, бұл өнімді Ираннан сатып алушыларды несиелендіру туралы келісімге қол қойылған болатын.
Тегтер