Иран Президенті Сочиге аттанады
Ақп 13, 2019 14:08 Asia/Almaty
ИИР Президенті 14 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путиннің ресми шақыруымен Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің саммитіне қатысу үшін Сочиге аттанады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Президент кеңсесінің байланыс және ақпарат жөніндегі орынбасары Парвиз Исмаили: «Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің төртінші бір күндік Сочи саммиті аймақтағы лаңкестікке қарсы ортақ күрес, Сирияға тыныштық пен босқындарын қайтару және саяси тұрақтылық орнату тақырыптарын қарастырады»,- деді. Бұл саммитте сондай-ақ, Астана үдерісі деген келіссөздердің нәтижелері, Сирияның егемендігі, сондай-ақ, бұл елді қайта құру кезіндегі ынтымақтастықтар қарастырылады.
Тегтер