АҚШ тағы Варшава отырысының күн тәртібін өзгертуге мәжбүр болды
(last modified Thu, 14 Feb 2019 15:20:18 GMT )
Ақп 14, 2019 21:20 Asia/Almaty
  • АҚШ тағы Варшава отырысының күн тәртібін өзгертуге мәжбүр болды

АҚШ үкіметі Ираннан үркіту саясаты мен Иранға қарсы халықаралық одақ құру аясында ақпанның 13-14 күндері Польшаның астанасында екікүндік отырыс өткізді.

АҚШ-тың жоғары лауазымды басшылары бұдан бұрын осы отырыстың Иранға қарсы бағытталғанын қуаттаған болатын. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2019 жылдың қаңтар айының басында Варшава конференциясының өткізілу мақсатын Иранның аймаққа ықпалын талқылау деп жариялаған болатын.

Трамп үкіметі Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар салып, ауқымды жарнамалық соғыс жүргізу арқылы экономикалық майдан құрды. Вашингтон Варшава отырысын өткізіп, оған 60 елдің өкілдерін шақыру арқылы өз ойынша саяси деңгейде де Иранға қарсы халықаралық жиын құрып, Теһранды аймақтық саясаттарын өзгертуге көндіру туралы ойлайды.

Бұған қарамастан, Еуроодақ пен бестік тобына мүше елдердің бұл отырыстың Иранға қарсы күн тәртібіне қарсылық білдіруі АҚШ-тың басқа елдерді осы отырысқа қатысуға көндіру үшін оның күн тәртібін ресми түрде өзгертуіне себеп болды. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті осыдан бұрын бұл отырыстың тақырыптарын өзгертіп, өз мәлімдемесінде онда бірнеше тақырып, яғни аймақтық дағдарыстар мен олардың аймақтағы қарапайым адамдарға әсері, зымырандарды дамыту және олардың көбейтілуіне тыйым салу, киберқауіпсіздік және энергетика саласындағы жаңа сын-қатерлер, экстремизммен күресу мәселелерінің қарастырылатынын мәлімдеді.  

Қарсылықтар күшейген соң Вашингтон тағы ырықсыз ұстаным білдіріп, Варшава отырысында ауқымды тақырыптардың талқыланатынын, оның белгілі бір елге арналмағанын көрсетуге күш салды.

Осыған орай АҚШ Мемлекеттік департаментінің аймақтық ақпарат хатшысы Nathaniel Tek сәрсенбі күні кешке екікүндік Варшава отырысы туралы: "Бұл – өте ауқымды конференция әрі белгілі бір елге немесе тақырыпқа арналмаған",-деді.

Қытай мен Ресей сияқты әлемнің ірі елдерінің болмауы мен Германия және Францияның сылбыр қатынасына қарамастан АҚШ басшылары Варшава отырысын Вашингтонның Израильден бастап араб елдеріне дейінгі барлық аймақтық одақтастары қатысқан тарихи оқиға деп атады. Осындай жағдайда АҚШ-тың маңызды еуропалық одақтастары бұл отырыстың мақсаттары жайлы басқа көзқарасқа ие. Олардың пікіріне сәйкес, конференцияның күн тәртібіндегі басты өзек Иранмен қарсыласу болып отыр.

Бұл уәж америкалықтар алғаш рет Иранның аймақтағы ықпалы мен Теһранның зымырандық жұмыстарын отырыстың басты тақырыбы деп жариялаған жағдайда айтылып отыр. Бірақ АҚШ басшылары ауқымды қарсылыққа ұшыраған кезде өз ұстанымдарынан кері шегініп, отырыстың басты тақырыбын Таяу Шығыс аймағындағы өзекті мәселелер деп жариялады.

Осылайша, Варшава отырысы 13 ақпанда АҚШ пен бірнеше елдің ғана қатысуымен басталды.

 

Тегтер