Ортақ мақсат – лаңкестікпен қатаң күресіп, Сирияда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату
ИИР Президенті Рухани Ресей, Иран мен Түркияның ортақ мақсатының Сирияда лаңкестікпен қатаң күресіп, елге тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтару екенін мәлімдеді.
Хасан Рухани бейсенбі күні Ресей, Иран мен Түркияның үшжақты отырысының соңында тілшілерге берген сұхбатында Сочи отырысына ризалық білдіріп: «Бұл отырыста Сирияның басқа аудандарында, соның ішінде Идлибте лаңкестікпен күресті жалғастыру қажеттігі қуатталды. Үш елдің басшысы да Идлибті Сирияның бір бөлігі санап, ол жерді барлық лаңкестен тазарту қажет деп есептейді»,-деді.
Рухани Сирия дағдарысын әскери жолмен емес, тек саяси жолмен шешуге болатынын, Ресей, Иран мен Түркияның Сирияда толық қауіпсіздік орнатып, бұл елдің заңды үкіметімен әріптестікті арттыруды қалайтынын мәлімдеді.